МузАрт — Маралдым

Слушать МузАрт — Маралдым

Текст МузАрт — Маралдым

Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған
Естайға әлемде жоқ ән салдырған
Маралды! Маралды — төр! Маралды — көл
Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан

Қайырмасы:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның

Туған ел, туған жерім — ‘Қызыл таңым’
Сапырған күн астында қызыл дәнін
Өссем де құшағыңда ажырамай
Көркіңе көрмегендей қызығамын

Қаайырмасы:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның

Туған жер, өскен елім — ‘Қызыл таңым’
Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім
Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады
Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың

Қайырмасы:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның