МузАрт — Аппақ сенің тамағың

Слушать МузАрт — Аппақ сенің тамағың

Текст МузАрт — Аппақ сенің тамағың

Айналайын ақ жүзің, айдан аппақ, айхай-оу
Сендей жарды ер жігіт, қайдан таппақ
Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын
Көрген адам қасыңнан, кете алмайды, айхай-оу

Мұз үстінде жүргендей, тайғанақтап айхай-оу
Аппақ сенің тамағың 2

Іздесем қайдан табамын 2

Құлағыңа таққаның күміс сырға, айхай-оу
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға

Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын
Сағынғанның белгісі осы екен деп, айхай-оу
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға

Аппақ сенің тамағың 2

Іздесем қайдан табамын 2

Айналайын атыңнан алтыным-ау, айхай-оу
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ау
Аппақ сенің тамағың, іздесем қайдан табамын
Сен дария болғанда, мен қоңыр қаз, айхай-оу
Баурым төсеп бетінде, қалқыдым-ау

Аппақ сенің тамағың 2

Іздесем қайдан табамын 2