Жигиттер тобы — Ана туралы жыр

Слушать Жигиттер тобы — Ана туралы жыр

Текст Жигиттер тобы — Ана туралы жыр

Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым
Анашым, жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын,
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.

Ете гөр қанағат
Әзірге берерім
Балалық махаббат,
Балалық жүрегім,
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған,
Әнімді қосып ал.