ZHANBOLAT ZHAZIRA — Қыз ұзату

Слушать ZHANBOLAT ZHAZIRA — Қыз ұзату

Текст ZHANBOLAT ZHAZIRA — Қыз ұзату

Қара таудың қиясы бар,
Қара талдың ұясы бар.
Жат жұрттыққа жаратылған,
Қыздың қандай кінәсі бар?

Қайырмасы:
Әй, әй керім бұран белім,
Бағыңды ашсын барған жерің,
Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.

2. Айдын көлдің құрағы бар,
Аққу қаздың сыңары бар.
Қыдыр ата жағып кеткен,
Қыздың қырық шырағы бар.

Қайырмасы:
Әй, әй керім бұран белім
Бағыңды ашсын барған жерің
Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.

3. Арпа ма екен, бидай ма екен,
Төкпей шашпай жинай ма екен?
Туған жерін қыз баланың,
Қимайтыны қинайды екен.

Қайырмасы:
Әй, әй керім бұран белім
Бағыңды ашсын барған жерің ,
Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.

Әй, әй керім бұран белім
Бағыңды ашсын барған жерің ,
Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін