Ninety One — M.B.B.A.B.B.D.

Слушать Ninety One — M.B.B.A.B.B.D.

Текст Ninety One — M.B.B.A.B.B.D.

Қоштасқан жерден
Алыстай беріп ем
Бұрылып саған шыдамай
Қарай берем
Қиын не деген
Жеткізу сөзбен
Бірге болуды бәріне
Бермейді екен
Махаббат бар бұл әлемде
Бақытты бол деген

Осылай махаббатпен
Күлімдеп қоштастым мен
Бұл менің алғашқы рет
Сүйгенім жүрегіммен
Соншалық сұлу,
Сұлу елес
Ұмыту оны,
Мүмкін емес
Бақытты болу
Барлығы армандайтын белес

Қоштасқан жерден
Алыстай беріп ем
Бұрылып саған шыдамай
Қарай берем
Қиын не деген
Жеткізу сөзбен
Бірге болуды бәріне
Бермейді екен
Махаббат бар бұл әлемде
Бақытты бол деген

Қалдырмай кетем деп ем
Өкініш өткен күннен
Айта алмай бірде бір сөз
Қалыппын кетерде мен
Соншалық сұлу
Сұлу елес
Ұмыту оны,
Мүмкін емес
Бақытты болу
Барлығы армандайтын белес

Қоштасқан жерден
Алыстай беріп ем
Бұрылып саған шыдамай
Қарай берем
Қиын не деген
Жеткізу сөзбен
Бірге болуды бәріне
Бермейді екен
Махаббат бар бұл әлемде
Бақытты бол деген
[Ерболат Беделхан]
Қоштасқан жерден
Алыстай беріп ем
Бұрылып саған шыдамай
Қарай берем
Қиын не деген
Жеткізу сөзбен
Бірге болуды бәріне
Бермейді екен

Махаббат бар бұл әлемде
Бақытты бол деген