МузАрт — Еркеле

Слушать МузАрт — Еркеле

Текст МузАрт — Еркеле

Қиялымның көгіндегі,
Қалықтаған аққу-әнімсің!
Арманымның төріндегі
Алаулаған бақыт таңымсың!
Тілегіммен жылытайын,
Көңіліңді күйге бөлесін!
Сені қалай ұмытайын?
Көз алдыма күнде келесің!

Еркеле, еркеле,
Кеште де, ерте де,
Жүрегім өртене сағынайын!
Еркеле, еркеле,
Елітіп еркіңе,
Көз тоймай көркіңе жалындайын!

Өзге жанды сезінем бе
Елес ару сенің өзіңдей?
Сұлулыққа кезігем бе
Мөлдіреген сенің көзіңдей?
Сен құлпырған гүлсің, еркем,
Сезім бақта жайнағансың ба?
Күндей күліп жүрсің, еркем,
Махаббаттың қай қаласында?