Mona Songz — Asyqpa

Слушать Mona Songz — Asyqpa

Текст Mona Songz — Asyqpa

Талай-талай қызық көрдік өмірден
Түрлі-түрлі сезім кештік көңілмен
Бәрі-бәрі бітпейтіндей көрінген
Біздер үшін

Қанша-қанша біз білмеген, біз білген
Тағдырлар бар сала алмаған із мүлдем
Сағынышты ғұмырлар бар үзілген
Біз үшін

Жетуге бақытқа
Кешікпе, асықпа
Бәрінің уақыты бар
Уақытың да уақытша

Сүрініп жатып та
Құлауға асықпа
Бәрінің уақыты бар
Уақытың да уақытша

Аспаның ашықта
Келеді шаттық та
Бәрінің уақыты бар
Уақытың да уақытша

Баянсыз бақыт та
Бақытты уақыт та
Бәрі де уақытша
Қатты-қатты қиындықтың соңында

Тәтті-тәтті сыйлығы бар оның да
Тарам-тарам өміріңнің жолында
Бәрі бар
Байлығың да, бақытың да

Бұйырады өзі уақытында
Тағдырдағы жазылғанды асықтырма
Жетуге бақытқа
Кешікпе, асықпа
Бәрінің уақыты бар

Уақытың да уақытша
Сүрініп жатып та
Құлауға асықпа
Бәрінің уақыты бар

Уақытың да
Аспаның ашықта
Келеді шаттық та
Бәрінің уақыты бар

Уақытың да уақытша
Баянсыз бақыт та
Бақытты уақыт та
Бәрі де уақытша