Ернар Айдар — Сен кетпе қасымнан

Слушать Ернар Айдар — Сен кетпе қасымнан

Текст Ернар Айдар — Сен кетпе қасымнан

Бұл жолы дауылсыз
Күліп келді сәуір
Үмітім де үлкен
Көңіл-күйім тәуір
Болса да гүл көктем
Күнді аңсап бірге өткен
Маған сенсіз қиын
Маған сенсіз ауыр

Сен кетпе, кетпе, кетпе қасымнан
Сен гүлсің қызғалдақтай ашылған
Шомылайын егер сен қаласаң
Шуаққа сенен ғана шашылған
Көңілім көк аспандай жайнасын
Жауыны жаңа жауып басылған

Сен болсаң, бақытқа
Бөленеді үйім
Болмасаң жанымда
Жоғалады күйім
Кел бірге көрейік
Жаратқанның сыйын
Маған сенсіз ауыр
Маған сенсіз қиын

Сен кетпе, кетпе, кетпе қасымнан
Сен гүлсің қызғалдақтай ашылған
Шомылайын егер сен қаласаң
Шуаққа сенен ғана шашылған
Көңілім көк аспандай жайнасын
Жауыны жаңа жауып басылған