Ерке Есмахан — Әйел бақыты

Слушать Ерке Есмахан — Әйел бақыты

Текст Ерке Есмахан — Әйел бақыты

Қыз бала қонақ еліне
Келеді қайтар уақыты,
Қадірін білер теңіне,
Жар болу — әйел бақыты.
Жарығын алып жұлдыздың,
Бесік жырын тыңдатып,
Әйелге арлы ұл қыздың
Анасы атану шын бақыт.

Қайырмасы:
Сіңілім тоқта, тоқташы,
Шекараң үйдің қақпасы.
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты,
Әйелдің бақыты — отбасы,
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты,
Әйелдің бақыты — отбасы.

Әйелге жеңіс белесқой
Еріне деген құрметі,
Асыл таста қу емесқой,
Асыл жар болу — міндеті.
Күлкісі үшін сәбидің
Анасы қажет тәрізді,
Бақыты үшін әр үйдің,
Әйелдің бақыты маңызды.

Қайырмасы:
Сіңілім тоқта, тоқташы,
Шекараң үйдің қақпасы.
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты,
Әйелдің бақыты — отбасы,
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты,
Әйелдің бақыты — отбасы.

Аяулы арулар бәріңнің арың бар,
Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар.
Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар,
Бақытты болуға ақылды болыңдар.

Қайырмасы:
Сіңілім тоқта, тоқташы,
Шекараң үйдің қақпасы.
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты,
Әйелдің бақыты — отбасы,
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты,
Әйелдің бақыты — отбасы