Ерке Есмахан — Еркем-ай

Слушать Ерке Есмахан — Еркем-ай

Текст Ерке Есмахан — Еркем-ай

Тойым тойға ұлассын
Салған әнім қыр ассын
Әнін берген Еркеге
Бағын берсін Күләштің
Атылмасын шалқайсам
Марапатқа марқайсам
Әнші Жамал апамдай
Әнімді айтып қартайсам

[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай!!!

Аналардай нұрлансам
Ізгілерден үлгі алсам
Жазтандайы қазақтың
Роза апамдай гүл болсам
Мейірін ел асырған
Ақ Баяны масылдан
Мәдина апама еліктедім жасымнан

[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай

Қызардай қыр гүлі
Сүйсінердей күн нұры
Бибігүлдей бағының
Болсам шіркін бұлбұлы
Ерке қыздың сенері
Қазақ деген ел еді
Мақпал апам секілді
Ерке болғым келеді

[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай

Жауhазындай жас күнім
Махаббатқа мас күнім
Қарақаттай қазақтың
Тұмар етсем дәстүрін
Шаршап белді таянбай
Ару қызы Баяндай
Өнер үшін ән үшін
Тер төгемін аянбай

[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай

Еркем еркем едім ай
Кербезденген керім ай
Еркелеген еркемді
Еркелетші елім-ай