Димаш Кудайберген — Сағындым

Слушать Димаш Кудайберген — Сағындым

Текст Димаш Кудайберген — Сағындым

Есіңде ме Арай түн,
Балғын көңіл Арай күн
Нұрлы үмітпен жүруші едік
Тəтті сырлар ақтарылып

Кəусəр көңіл гүл ашып
Арманға арман ұласып
Жүректерде шаттанып

Наз күлкіңмен əлдилеген
Айлы түнді сағындым
Өрнектелген əн күйменен
Жан сырыңды сағындым

Жаздың əсем таңдарында
Еркелетуші едім арманыңа
Сол күндерді сағындым
Сағындым жаным

Қызғалтақтан аумайтын
Мені өзіңе баурайтын
Албыр шақтың бал күндері
Орала ма қайтадан

Жыл қосылды жылдарға
Уақыт шіркін тұрған ба?
Көңіл мұңды айтады əн

Наз күлкіңмен əлдилеген
Айлы түнді сағындым
Өрнектелген əн күйменен
Жан сырыңды сағындым

Жаздың əсем таңдарында
Еркелетуші едім арманыңа
Сол күндерді сағындым
Сағындым жаным