Батыр — Сағым дүние

Слушать Батыр — Сағым дүние

Текст Батыр — Сағым дүние

Көңіл бейне бала
Салған сайран-ай, а-хау!
Өтер үнсіз ғана
Күндер қайран-ай
Жай байқалмай!

Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!

Жаның қандай айна
Бейне көшкен-ай, а-хау!
Алтын сәулем қайда
Соған түскен-ай!
Ей, арман-ай!

Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!

Уақыт шіркін өтпей
Тұр ғой асықпай, а-хау!
Сүйгеніне жетпей
Қалған ғашықтай
Ей, өмір-ай

Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!

Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!