AYREE — Saǵynysh

Слушать AYREE — Saǵynysh

Текст AYREE — Saǵynysh

Жүрегімнің жалынысың.
Басылмайды сағынышым.
Жұлдыздарға көз салдым, жаным,
Арманның ақ таңы үшін.

Махаббатқа табынамын.
Бал сезімге бағынамын.
Сен қасымда жүрсең де, күнім,
Мен бәрібір сағынамын.

Қайырмасы:
Аппақ таңымдай,
Асыл жарым-ай.
Ғашық жандармыз
Қозы мен Баяндай.
Арман, тілекпіз.
Егіз жүрекпіз.
Мәңгі біргеміз.
Төлеген – Жібекпіз.

Сағынышпен қауышамын.
Төзімімді тауысамын.
Өзіңменен асығып, жаным,
Түсімде де табысамын.