Қуандық Рахым — Ай Да, Күн Де…
Слушать Қуандық Рахым — Ай Да, Күн Де…
Текст Қуандық Рахым — Ай Да, Күн Де…
Суға сіңген заттайын,
Тұңғиыққа батпайын.
Сүйген адам әрдайым,
Түсінеді жат жайын.
[Қайырмасы]
Жырларыңды жаттайын,
Ал сырыңды сақтайын.
Жаным сені сүйемін,
Бұған куә ақ қайың.
Жырларыңды жаттайын,
Ал сырыңды сақтайын.
Жаным сені сүйемін,
Бұған куә ақ қайың.
Түсіністік, сыйластық,
Арада бар қимастық.
Өткен күндер – өтті ғой,
Кімде болмас қу жастық.
[Қайырмасы]
Мен өзіңді қимаймын
Сүйген жарды сыйлаймын
О, жүрегім, көңілім
Жер бетіне сыймаймын
Мен өзіңді қимаймын
Сүйген жарды сыйлаймын
О, жүрегім, көңілім
Жер бетіне сыймаймын
Аман болып қайда да,
Жүре берші жайна да.
Түн қойныңда болмаймын,
Сүйсінуге айға да.
[Қайырмасы]
Өмір сұріп күнменен,
Айды сүйдім түнде мен.
Айда күнде жақсы ғой,
Бірін-бірі білмеген.
Өмір сұріп күнменен,
Айды сүйдім түнде мен.
Айда күнде жақсы ғой,
Бірін-бірі білмеген.
Айда күнде жақсы ғой,
Бірін-бірі білмеген.