МузАрт — Үшқоңыр

Слушать МузАрт — Үшқоңыр

Текст МузАрт — Үшқоңыр

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,
Әкемнің ізі қалған жайлауыңда,
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,
Арқардың жайылатын аймағында.

Қайырмасы:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Рахым нұры тұнған жерім,
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,
Бабалар тұлпарының дүбірі бар,
Бұл жерде Жамбыл-‘Жәкем’ өлең айтқан
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Қайырмасы:

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Рахым нұры тұнған жерім,
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай,
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындай.

Қайырмасы:

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,
Рахым нұры тұнған жерім,
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,
Жүрегімде мәңгі есімің.

Көрінер сонадайдан анық маған,
Шыңында қырандары қалықтаған,
Самғаған қыранына құмар қылып,
Өсірген ұландарын алып далам.