MuzArt Life — Қызғанамын
Слушать MuzArt Life — Қызғанамын
Текст MuzArt Life — Қызғанамын
Жап – жарық сенің әлемің,
Көрінер өзге, ғаламнан!
Мейірімді қандай жан едің
Өшпейсің мәңгі санамнан.
Күлкіңнің өзі жылуын төгіп
Жетелеуші еді арманға
Өзіңнен артық мені түсінер
Жаным-ай жаным жан барма?
Сүюдің мұнша, азабы барын,
Қалайша бұрын ұқпағам!
Ғаламға мәлім, сезімнен жаным,
Өзімді қалай, құтқарам?
Шуақты күннен, жұлдызды түннен
Білмеймін неге қызғанам.
Желменен ұшқан, жапырақтардан
Селк етіп жаным сыздаған.
Дәл солай сенде қызғанып көрші мені
Ес түссіз құлай сүйіп келші кері
Періштем-ай, Қызғанады екем
Күнәсі жоқ адамдай кейіппен…
Шуақты күннен, жұлдызды түннен
Білмеймін неге қызғанам.
Желменен ұшқан, жапырақтардан
Селк етіп жаным сыздаған.

