Мадина Садуакасова — Мама

Слушать Мадина Садуакасова — Мама

Текст Мадина Садуакасова — Мама

Мама, жанарың қандай сенің жып-жылы
Мама, көзіңе малынғандай күн нұры
Мама, жанымның мәңгі солмас бір гүлі
Мама, мама, өзіңсің күн нұры
Мама, өзіңе жазылмаған ән бар ма?
Мама, көз ілген таңды жалғап таңдарға
Мама, дәл сендей түсінетін жан бар ма?
Мама, мама, түсінер жан бар ма?

Қайырмасы:
Жүректен жазылатын ән шырағым,
Жанымды жылытатын жан шуағым
Мамашым, маматайым, таң шынарым,
Жан шуағым, аяулы анашым.

Мама, мен үшін жан-жүрегің езілген,
Мама, мөбейің мөлдіреген көзіңнен
Мама, сарқылмас махаббаты сезінген,
Мама, мама, жүрегі езілген

Қайырмасы:
Жүректен жазылатын ән шырағым,
Жанымды жылытатын жан шуағым
Мамашым, маматайым, таң шынарым,
Жан шуағым, аяулы анашым.