jeltoksan — KÜL!

Слушать jeltoksan — KÜL!

Текст jeltoksan — KÜL!

Шөл далада адасқан кезімде елес боп көрінді армандарым алыстан
Маған қол бұлғады, мен бірден жармастым
Қаттырақ қысып ұстадым, қан аққанша тырнақтарымның астынан
Ешқашан кетпеймін айырбастап
Ендеше тыңда дұрыстап, түңілме (түңілме)
Қазбалай берсең кетеді тереңдеп
Зейін қойып істеген істерің берді жемістерін
Түсіруге еңсеңді іздеме себептерді
Ұшқыр ой, сау ден — шарттарың жеткілікті
Жұлдыз боп жарқырауға шыңға шығып не тұрыпты
Сенің бөлісерің бар, халыққа айтуға лайықты
Еңбектен де барып ал, барып ал өзіңдікін сосын

Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Сәтсіздіктердің бәрі қалады артта
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Сәтсіздіктердің бәрі қалады артта
(Сәтсіздіктердің бәрі қалады артта)
(Сәтсіздіктердің бәрі қалады артта)

Баянсыз тірліктен қаш
Сыйласқанменен сыйлас
Жара бет жазылады, ал қара бет жазылмас
Адамдарды ойла, бірақ сақта балансты
Күш-жігеріңді шыңда — бәрі соған байланысты
Артық не кем емессің (кем емессің)
Әр адамның сүріп жатқан сен білмейтін бар күресі
Басқаны сынап-мінеумен не пайда көрмекшісің?
Зияның тимесін, болмаса көмек берер күшің
Тамшылайды секундтар, зулайды жылдар
Жасқа жас қосылады, түсіпті ақ та шашқа
Мұңды сәттер болады, оларды аққа бояйтын
Жүрек берсін, қуануға себептерді байқайтын сосын

Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Сәтсіздіктердің бәрі қалады артта
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Жылағанша күл, бақыттан жыла
Сәтсіздіктердің бәрі қалады артта