Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі — Алло

Слушать Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі — Алло

Текст Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі — Алло

— Алло.
— Алло. Бұл кім?
— Кімді іздедің?
— Таныдың ба?
— Жұлдыз ба едің?
— Иə, сенің жұлдызыңмын.
Жан ашпаған сырды іздедім.
— Кешіріңіз! Кім едіңіз?
— Бір сұлудың тірегіміз.
Əзір бойдақ, басымыз бос…
— Бос орынға гүл егіңіз!

Қайырмасы:
— Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
Сөйлейді солай неге қыз?
Қырық үйден қарауыл болса,
Қасыңа қалай келеміз?
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
— Ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз,
Қалай біз оңай көнеміз?
Бағамды біл, бағалай алсаң,
Бағыңа қарай көреміз.
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.

— Нешеде еді, шын жасыңыз?
Сұлулардың сырласымыз.
— Қыздың жасын сұрамайды.
— Қай жылғы еді құрдасыңыз?
— Құрдастарым келсе жүзге,
Менің жасым – он сегізде.
— Сізді сондай көргім кеп тұр,
Сенбесеңіз, сенсеңіз де,

Қайырмасы:
— Жо-жо-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз,
Қалай біз оңай көнеміз?
Бағамды біл, бағалай алсаң,
Бағыңа қарай көреміз.
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
— Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
Сөйлейді солай неге қыз?
Қырық үйден қарауыл болса,
Қасыңа қалай келеміз?
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
Аллоо-о-о-о.
Аллоо-о-о-о.