Ерке Есмахан — Балапан қаз
Слушать Ерке Есмахан — Балапан қаз
Текст Ерке Есмахан — Балапан қаз
Бұл өлке — біздің ауыл жайлаған жер-ай
Жүрерге асыл құлын байлаған жер-ай
Көзіме от жалыңдай көрінеді-ау
Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Бұл өлке — біздің ауыл күзеген жер-ай
Қаракөз бойын сылап, түзеген жер-ай
Көзіме от жалындай көрінеді-ау
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!