dos.aqa — Qağaz Ūşaq

Слушать dos.aqa — Qağaz Ūşaq

Текст dos.aqa — Qağaz Ūşaq

Қағаз ұшақ ұшырдым аспанға
Достарымның суреті таспамда
Бәрі дұрыс мен үшін бірақта
Көңілім құбылмалы шақта

Неліктен бұл сондай?
Ішім босағандай
Жылу қажет болғай жаныма менің
Ішкен тамақ батпай
Өмірім осылай
Өтеді зуылдай ай, жылдар, күндер

Қағаз ұшағым апаршы мені
Арала бейтаныс көшелерді
Самал жел әкелген мекендерден
Бір күні іздеп табамын сені

Табамын сені
Көшелерден табамын сені
Арала бейтаныс көшелерді

Тыныш көшелерде
Алыс жерлерде
Жан іздедім мен
Барын кім білер
Бәлкім шынымен
Жүрсің сен күле
Менімен бірге
Жалғыздықтан мен
Жалықтым түгел
Қолымда кісен
Кілтін тауып берсең
Дем берерсің сен
Кім болсаң да кел
Құшағыма бөлен
Құтқар мені

Қағаз ұшағым апаршы мені
Арала бейтаныс көшелерді
Самал жел әкелген мекендерден
Бір күні іздеп табамын сені

Қағаз ұшағым апаршы мені
Арала бейтаныс көшелерді
Самал жел әкелген мекендерден
Бір күні іздеп табамын сені